Accessibility links

Нетаньяху еврейлерді Еуропадан көшуге шақырды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Еуропа елдерінде тұратын еврейлерді Израильге қоныс аударуға шақырды. Ол Дания астанасы Копенгагенде синагогаға жасалған теракт "соңғы шабуыл болмайды" деп қауіптенетінін білдірді.

Беньямин Нетаньяху Копенгагендегі шабуылды "ислам экстремизмінің көрінісі" деп атады. Ол Израиль еврейлерді тарихи отандарына көшуге үндеп қана қоймайтынын, ел билігі "жаппай иммиграцияға" дайындалып жатқанын жеткізді.

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, Израиль премьері мұндай мәлімдемені қаңтар айының басында Парижде еврей тағамдары дүкеніне шабуыл жасалып, төрт адам қаза тапқаннан кейін де жасаған.

Ақпанның 14-інде Дания астанасында сөз бостандығына қатысты жиынға қатысушыларға және синагога маңында жасалған екі шабуыл салдарынан екі адам - даниялық режиссер мен синагогаға келушілердің бірі қаза тауып, бес полицей жараланған. Жексенбі күні таңертең полициямен атыста оққа ұшқан 22 жастағы даниялық жігіт қарулы шабуылға күдікті саналады. Тергеушілер сенбі күнгі қылмысты жасаған радикалды исламшыл болуы мүмкін деп жорамалдайды.

XS
SM
MD
LG