Accessibility links

БҰҰ Йемендегі хути жасағын биліктен бас тартуға шақырды


Санадағы президент резиденциясына барар жолда тұрған хути жасақтары. Йемен, қаңтар 2015 жыл.
Санадағы президент резиденциясына барар жолда тұрған хути жасақтары. Йемен, қаңтар 2015 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Йемендегі шиитік хути көтерілісшілерін биліктен бас тартып, өздері кетірген билікпен келіссөз бастауға шақырды. Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесі қабылдаған қарарда хути көтерілісшілерін үкімет үйлерінен әскерді шығаруға, үйқамақта отырған президент Абд-Раббо Мансур Хади мен үкіметтің өзге де мүшелерін босатуға, БҰҰ-ның арағайындығымен өтетін Йемендегі дағдарысты шешу келіссөзіне "шын ниетімен" қатысуға шақырған.

Йеменнің солтүстігінде тұратын шииттік хути жасақтары ел астанасы Сананы қыркүйек айында басып алған. Хути жасақтары Санадан өзге бірнеше ауданды да бақылайды. Көтерілісшілер кейін парламентті таратып, үкіметті отставкаға кетуге мәжбүр етті.

Парсы шығанағындағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі мен Араб елдері лигасы БҰҰ-ны хути көтерілісшілеріне қарсы санкциялар салуға шақырған.

XS
SM
MD
LG