Accessibility links

Египет ИМ базасына әуеден соққы берді


Египеттік 21 тұтқынды әкетіп бара жатқан ИМ содырлары (видеодан сриншот).
Египеттік 21 тұтқынды әкетіп бара жатқан ИМ содырлары (видеодан сриншот).

Египет әуе күштері ұшақтары бүгін Ливиядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының бақылауындағы аймаққа әуе шабуылын жасаған.

Египет әскери күштерінің мәлімдеуінше, ИМ-нің жаттығу алаңдары мен қару-жарақ қоймаларына әуеден соққы берілген.

Ақпанның 15-і күні ИМ тобы интернетке 21 египеттік копт христианын өлтіргені туралы видео жариялаған соң Египет президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси террорлық ұйымға "тиісті жолмен жауап берілетінін" мәлімдеген.

Египет басшысы Ливияда жүрген египеттіктерді жедел елге оралуға және Ливияға бармауға шақырды. Ливияға жұмыс істеуге кеткен египеттік христиан жұмысшыларын ИМ тобы желтоқсан мен қаңтар айларында ұстап әкеткен.

Египетте сүнниттік исламның теориялық орталығы саналатын әл-Азхар мешіті содырлардың кісі өлтіруін "тағылық әрекет" деп атап, ол қылмыстың "ешқандай дінге я адами құндылықтарға қатысы жоқ" деген.

XS
SM
MD
LG