Accessibility links

Қоғамдық ұйымдар БҰҰ балалар құқығы комитетіне есеп берді


Қазақстандағы балалар құқығы ахуалы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

Қазақстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ) Женевада БҰҰ-ның бала құқығы жөніндегі комитеті өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы балалар құқығының ахуалына қатысты баяндама жасады. Бұл туралы олар Алматыда өткізген арнайы баспасөз жиынында айтты. 18 ақпан 2015 жыл.

Қазақстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары (ҮЕҰ) Женевада БҰҰ-ның бала құқығы жөніндегі комитеті өкілдерімен кездесіп, Қазақстандағы балалар құқығының ахуалына қатысты баяндама жасады. Бұл туралы олар 18 ақпанда Алматыда арнайы баспасөз жиынында айтты.

БҰҰ-ның ережесі бойынша, қандай да бір мемлекеттің ресми баяндамасын тыңдар алдында осы елдің үкіметтік емес ұйым өкілдерінің баяндамасы тыңдалып, есепке алынады. Балалар құқығына қатысты Қазақстанның ресми төртінші есебі биыл күзде тыңдалмақ.

Женевада ақпанның 4-і күні өткен кездесуде қазақстандық ҮЕҰ өкілдері елдегі қыздардың ерте жаста тұрмыс құруы, балалар арасындағы суицид, мектептегі әлімжеттік пен білім алу құқығына қатысты баяндама жасаған. Комитет қазақстандық ҮЕҰ өкілдеріне 40-тан аса сауал қойған. БҰҰ комитеті Березовкадағы балалардың жағдайы туралы, мектеп оқушыларына сыныптастары мен ұстаздары тарапынан жасалатын заңсыз іс-әрекеттер жайлы сұраған.

Бұған дейін Қазақстан БҰҰ-ның балалар құқығы жөніндегі комитетінде 2007 жылы есеп беріп, комитет тарапынан бірқатар сын-ескертпелер алған.

XS
SM
MD
LG