Accessibility links

Дауылбаев Вашингтонда АҚШ өкілдерімен кездесті


Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев.
Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев.

Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барып, осы ел мемлекеттік хатшысының ерекше тапсырмалар жөніндегі кеңесшісі Томас Шэннонмен кездесіп, адам құқықтары мен еркіндігі мәселелеріне қатысты мәселелерді талқылады.

Бас прокуратураның ресми сайтының хабарлауынша, 18 ақпанда Вашингтонда өткен кездесуде тараптар адам құқықтарын қорғау, терроризммен және экстремизммен күрес салаларында ынтымақтастықты нығайту жайын талқылаған.

Асхат Дауылбаев бұған қоса АҚШ-тың есірткімен күрес басқармасы директоры Мишель Леонхартпен де кездескен. Кездесуде есірткімен күресте тараптар ынтымақтастығын нығайту мәселесін сөз еткен.

XS
SM
MD
LG