Accessibility links

Ингушетия депортация құрбандарын еске алды


Ингушетиядағы депортация құрбандарын еске алу шарасы. 23 ақпан 2012 жыл.
Ингушетиядағы депортация құрбандарын еске алу шарасы. 23 ақпан 2012 жыл.

Ингушетия тұрғындары бүгін СССР тұсында шешендер мен ингуштарды Солтүстік Кавказдан жаппай депортациялау саясатының құрбандарын еске алып жатыр. Елдегі мешіттер мен зираттарда еске алу шаралары өтіп, құран оқылып жатыр.

1944 жылы совет өкіметінің шешімімен 23 ақпаннан 9 наурызға дейін шешендер мен ингуштердің түгелге жуығы - шамамен 650 мың адам "нацистік Германиямен байланыс орнатты" деген айыппен Орталық Азияға күшпен қоныс аударылды. Күшпен көшірілгендердің жартысына жуығы түрлі қиындықтардан қаза тапты. 1957 жылы тірі қалғандарына Солтүстік Кавказға қайта оралуына рұқсат етілді.

Шешенстанда кремльшіл президент Рамзан Қадыровтың шешімімен 2012 жылы Депортация құрбандарын еске алу күні 23 ақпаннан 10 мамырға ауыстырылған. 2004 жылы осы күні бомба жарылысынан қаза тапқан Рамзан Қадыровтың әкесі Ахмад Қадыров жерленген еді.

XS
SM
MD
LG