Ақпанның 22-і күні Киевте бұдан бір жыл бұрын Тәуелсіздік алаңында (Майдан) билікке наразылық кезіндегі қақтығыстар барысында қаза тапқандарды еске алу шарасы өтті. Оған Украина президенті Петр Порошенкомен бірге Германия, Польша, Латвия, Литва, Грузия, Молдова мен Словакия басшылары, Еуропа Одағының президенті қатысты. Демонстранттар Киевтің орталық көшелерімен Майданға дейін жүріп барды. Бұдан соң Майданда бейбітшілікті тілеп құдайға сыйыну рәсімі өтті.