Accessibility links

Ресей: Иранға жаңа зымыран келісімін ұсындық


Ресейлік "Антей-2500" зениттік әуе қорғанысы кешені. (Көрнекі сурет)
Ресейлік "Антей-2500" зениттік әуе қорғанысы кешені. (Көрнекі сурет)

Ресей Иранға дау болған "С-300" зениттік әуе қорғанысы кешенінің орнына "Антей-2500" зениттік зымыран кешенін беруді ұсынғанын хабарлады.

Ресейдің мемлекеттік "Ростех" корпорациясының басшысы Сергей Чемезов бүгін журналистерге Иранның Мәскеу ұсынысын қарастырып жатқанын, әзірге нақты шешім қабылдамағанын айтты.

Ресей 2007 жылы Иранға бес жоғары дәлдіктегі "С-300" зениттік әуе қорғанысы кешенін жеткізуге келіскен.

2010 жылы Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Иранға ядролық бағдарламасына қатысты қару-жарақ сатуды тоқтатуды мақұлдаған, сол кездегі президент Дмитрий Медведев келісімді тоқтатқан.

Иран келісімді бұзған Ресейді халықаралық сотқа беріп, келісімді орындауды немесе оған өтемақы төлеуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG