Accessibility links

Конституциялық кеңес ерте сайлау жайлы түсінік берді


Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов.
Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов.

Қазақстан заңнамасы бойынша президенттің кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қабылдауына әрқандай бір шектеу жоқ, деп жариялады Конституциялық кеңес.

Бүгін Қазақстан Конституциялық кеңесі сенат ұсынысына қатысты осылай түсінік берді. Онда президенттің кезектен тыс сайлау өткізуге дербес құқығы бар екені айтылған.

Конституциялық кеңес кезектен тыс сайлау тағайындау белгілегенде конституцияның 41-бабының 3-тармағында қарастырылған, президент сайлауы мерзімі жағынан парламенттің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуін ескеру қажет дейді.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанның 19-ында Конституциялық кеңестен конституцияның 41 бабы 3 тармағының елде кезектен тыс президент сайлауын белгілеу туралы 1 бөліміне түсінік беруді сұраған.

Ақпанның 14-інде Астанада өткен кеңесінде Қазақстан халқы ассамблеясы кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерген. Ассамбеля ұсынысын парламент мәжілісі мен сенаты, саяси партиялардың көпшілігі қолдаған.

XS
SM
MD
LG