Accessibility links

Дияс Катардағы жарыстың екінші кезеңіне өтті


Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс (Суретті Қазақстан теннис федерациясы ұсынды)
Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс (Суретті Қазақстан теннис федерациясы ұсынды)

Әлемнің 31-ракеткасы, қазақстандық Зарина Дияс Дохада (Катар) өтіп жатқан Qatar Open жарысының бірінші айналымында тунистік Унс Жабирді (әлемнің 127-ракеткасы) 6:3 және 6:2 есебімен жеңді.

Зарина Дияс екінші айналымда германиялық Андреа Петковичпен ойнайды.

Дияс пен Петкович өткен аптада Дубайдағы жарыстың екінші айналымында ойнап, Қазақстан теннисшісі екі сетте жеңіске жеткен.

Жүлде қоры 730 мың долларды құрайтын Дохадағы жарыс 1 наурызда аяқталады.

XS
SM
MD
LG