Accessibility links

АҚШ күдікті ресейлік жайлы ақпаратқа сый тағайындады


АҚШ кибер қылмыс жасады деп айыптаған ресейлік Евгений Богачев.
АҚШ кибер қылмыс жасады деп айыптаған ресейлік Евгений Богачев.

АҚШ мемлекеттік департаменті Федералдық тергеу бюросы (FBI) кибер қылмыс жасады деп айыптаған ресейлік Евгений Богачевті ұстауға сеп болатын ақпарат үшін үш миллион доллар сыйақы тағайындалғанын жариялады.

Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, Ресейде болуы мүмкін Богачев Zeus компьютерлік жүйесін құрды деп айыпталады. Бұл жүйенің көмегімен АҚШ-та электрондық есеп-шоттар иелерінен кемінде 100 миллион АҚШ доллары ұрланған.

FBI дерегі бойынша, АҚШ онлайн қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақпарат үшін мұндай көлемдегі сыйақыны алғаш рет тағайындап отыр. FBI тергеушілер “lucky 12345" және "slavik" деген никпен танымал Богачев қаржы жымқыру үшін бір миллионнан астам компьютерге рұқсат етілмеген бағдарлама орнату жұмыстарын басқарған дейді.

XS
SM
MD
LG