Accessibility links

Киевте оңшыл топтар марш өткізді


Оңшыл топтардың Украина Ұлттық банкі алдында өткізген маршы. Киев, 25 ақпан 2015 жыл.
Оңшыл топтардың Украина Ұлттық банкі алдында өткізген маршы. Киев, 25 ақпан 2015 жыл.

Киевте 25 ақпанда оңшыл ұлтшылдардан бастап футбол фанаттарына дейінгі түрлі топтар үкіметтің саясатына қарсы марш өткізді. Кейбірі әскери киім киген жүздеген адам Киев көшелерімен жүріп өтті. Ақпаратқа қарағанда, ұлттық гвардия әскерилері акцияға қатысушылардың біразын қару-жарағы бар-жоғын анықтау үшін тексеріп шықты.

Сол күні сәл ертерек шамамен 400-дей адам Ұлттық банк алдында банктің атқарушы директоры Валерий Гонтарев пен оның орынбасары Александр Пинчюктің отставкаға кетуін талап етіп, демонстрацияға шықты.

Прокуратура Ұлттық банктегі қызметтік өкілеттікті теріс мақсатта пайдалану фактісін тексеріп жатыр. Бірақ Гонтарев пен Пинчюк күдікті ретінде аталмады.

Киевтегі Борисполь әуежайында да ереуіл өтіп, оған қатысушылар басшылықтан босатылған қызметкерлерді жұмысқа қайта алуды талап етті.

XS
SM
MD
LG