Accessibility links

Баймағамбетов шартты түрде ерте босатылды


Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетов. Астана, 19 қыркүйек 2012 жыл.

Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы, 2013 жылы "аса ірі көлемде пара алды" деген айыппен 10 жылға сотталған Серік Баймағамбетов түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды деп хабарланды.

Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баймағамбетов 2015 жылдың ақпанында жаңа заң бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Баймағамбетовті босату туралы шешімді Қарағанды облыстық соты шығарған.

2013 жылы қаңтардың 8-і күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты Серік Баймағамбетовті «аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты» деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Сот оған тағылған «қызметтік өкілетін теріс мақсатта пайдаланды» деген айыпты алып тастаған.

Серік Баймағамбетов кедендік бақылау комитетін 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың ақпанына дейін басқарған, оған дейін ішкі істер министрі болған.

XS
SM
MD
LG