Accessibility links

Cаяжай тұрғындары президент кеңсесіне петиция тапсырды


Астанадағы саяжай тұрғындары наразылығы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00

ВИДЕО: Астанадағы «Щебсклад» саяжай тұрғындары наразылығы. 6 наурыз 2015 жыл.

Астанадағы «Щебсклад» саяжайының ондаған тұрғыны бүгін Қазақстан президенті әкімшілігінің аппаратына петиция тапсырды. Белсенді топтың мүшесі Дина Базарбаеваның Азаттыққа айтуынша, саяжайдағы 160 тұрғын үй алдағы күндері күшпен сүрілмек.

– Бүгін біз 8-наурыз мерекесі қарсаңында президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға петиция тапсырамыз. Мақсатымыз - «Щебсклад» саяжайында тұратын әйелдердің жағдайын жеткізу. Егер өзіміз тұрып жатқан үйлерімізді еркімізден тыс сүріп тастаса, бес жүзден астам әйел, әрқайсысы төрт-бес баласымен далада қалады. Соны ескертуге келдік, – деді Дина Базарбаева.

Астанадағы Бәйтерек монументінің қасына жиналып, президент әкімшілігі аппараты кеңсесіне беттеген әйелдердің жолын полиция жасағы бөгеп, үкімет үйіне қарай жібермей қойды. Тек «екі-үш өкілді ғана өткіземіз» деген талаптан соң наразы топ өз ішінен төрт адамды билікпен жолығуға жіберді. Олардың айтуынша, тұрғындардың өтінішін тыңдаған президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия хатшысы Тастемір Әбішев «мерекеден кейінгі күндері мәселелеріне назар аударуға» уәде берген.

Астана қаласының шетіндегі жүз алпыс үй орналасқан «Щебсклад» саяжайы мемлекет қажеттілігі үшін сүрілмек. Тұрғындардың айтуынша, саябақ тұрған жер 13 инвесторға бөлініп берілген. Саяжай тұрғындары олардың ұсынған өтемақыларын азсынып отыр.

XS
SM
MD
LG