Accessibility links

Немцов қазасына күдіктілерге сот шешім айтады


Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов.
Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов.

Бүгін Мәскеудің Басман соты оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіруге қатысы бар деген күдікпен ұсталған Анзор Губашев пен Заур Дадаевты қамауға алу туралы тергеу орындарының сұрауына қатысты шешім шығаруы тиіс. Сот ғимараты жанында полиция автобустары мен тұтқындарды таситын арнайы көліктер тұр деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Шешенстан ішкі істер министрлігінің «Север» батальоны командирінің орынбасары Заур Дадаев пен бұрын Мәскеудегі күзет фирмаларының бірінде жұмыс істеген Анзор Губашев сенбі күні ұсталғанын бұған дейін Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин растаған. Ол ұсталған екеу Немцовты өлтіруді ұйымдастырған және орындаған деген күдікке ілініп отырғанын мәлімдеген.

Ресей билігіне жақын ақпарат құралдары сенбі күні кешке Немцовтың қазасы туралы іс бойынша тағы екі адам ұсталған деген хабар таратқан, бірақ әзірше олардың аты-жөндері аталған жоқ.

Ресей оппозициясының жетекшісі Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешке Мәскеуде Кремль маңындағы көпірде бірнеше рет атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG