Accessibility links

Үш президенттің Астанадағы кездесуі кейінге қалды


Белорусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Владимир Путин (оң жақта). Астана, 29 мамыр 2014 жыл.
Белорусь президенті Александр Лукашенко (сол жақта), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) және Владимир Путин (оң жақта). Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің наурыздың 12-інде Астанада өтеді деп жоспарланған кездесуі кейінге қалдырылды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік ақпарат агенттіктерге үш елдің басшылары кездесуді бірнеше күнге кейінге қалдыруға шешім қабылдағанын айтқан.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Азаттық радиосына Назарбаев, Лукашенко мен Путиннің кездесуі кейінге шегерілгені туралы ақпаратты кейін жариялайтынын айтқан.

Бұған дейін Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта үш елдің президенттері Астанада сауда айналымы, экономикалық қарым-қатынастар мен Украинадағы жағдайды талқылайтыны айтылған.

XS
SM
MD
LG