Accessibility links

"Союз ТМА-14М" экипажы Жезқазған маңына қонды


"Союз ТМА-13М" ғарыш кемесі капсуласының жерге қону сәті. Жезқазған маңы, 10 қараша 2014 жыл.
"Союз ТМА-13М" ғарыш кемесі капсуласының жерге қону сәті. Жезқазған маңы, 10 қараша 2014 жыл.

"Союз ТМА-14М" ғарыш кемесінің капсуласы Халықаралық ғарыш станциясында болған үш ғарышкермен Жезқазған қаласының маңына қонды.

Жерге оралған ресейлік ғарышкерлер Елена Серова, Александр Самокутяев және НАСА астронавты Барри Уилмор Халықаралық ғарыш станциясында алты айға жуық уақыт болған. Ғарышкерлер орбитада 50-ден астам ғылыми жұмыс жасады.

АҚШ пен Ресей адам организмі ғарышта ұзақ тұруға қаншалықты төзімді екенін анықтау мақсатында Халықаралық ғарыш станциясына келесі ұшыратын экипаждың станцияда болу мерзімін бір жылға дейін ұзартпақ.

НАСА астронавты Марк Келли мен ресейлік Михаил Корниенко және Геннадий Падалканы станцияға жеткізетін ғарыш кемесі наурыздың 27-сінде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылады. Бұл экипаж Жерден 400 километр қашықтықта айналып жүретін станцияда бір жылдай болады.

XS
SM
MD
LG