Accessibility links

"Ауыл" партиясы Назарбаевтың кандидатурасын қолдады


"Ауыл" партиясының мүшелері 9-съезд алдында. Астана, 13 наурыз 2015 жыл.
"Ауыл" партиясының мүшелері 9-съезд алдында. Астана, 13 наурыз 2015 жыл.

"Ауыл" партиясы кезектен тыс президент сайлауына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылғанын "толық қолдайтынын" мәлімдеді.

Бұл жайында бүгін партияның Астанада өтіп жатқан 9-съезінде айтылды. Күн тәртібінде президент сайлауы мәселесі қойылған съезге облыстардан жүзден астам делегат келген.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, делегаттар "елде оңтайлы саяси және әлеметтік-экономикалық жағдай қалыптасқанын" айтып, Нұрсұлтан Назарбаевты "елді әлеуметтік-экономикалық көркею жолына бастай алатын, әлемге танымал прогрессивті саясаткер" деп атаған.

Кезектен тыс президент сайлауына Назарбаевтың кандидатурасын басқарушы "Нұр Отан" партиясы 11 наурызда өткен съезінде ұсынған. Кеше "Ақ жол" партиясы да Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Ал Қазақстан коммунистік халықтық партиясы президенттікке Тұрғын Сыздықовты ұсынды. Өзін оппозициялық партия санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) сайлауға қатысудан бас тартты.

Кезектен тыс сайлауға үміткер болып тіркелуге 20 адам өзін-өзі ұсынған. Оның жетеуі қазақ тілі сынағын тапсыра алмай қалды. Орталық сайлау комиссиясы екі үміткерді жасы 40-қа толмаған деп тіркеуден бас тартты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG