Accessibility links

Ильин 2014 жылғы әлемнің үздік ауыр атлеті атанды


Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.
Илья Ильиннің ауыр атлетикадан төртінші мәрте әлем чемпионы атанар сәтіндегі жеңісі. Алматы. 15 қараша, 2014 жыл.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (International Weightlifting Federation) қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильинді 2014 жылдың үздік спортшысы деп таныды.

IMF-тің хабарлауынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Алматыда өткен әлем чемпионатында әлемдік рекордтарды жаңартқан Илья Ильин мен ресейлік ауыр атлет Татьяна Каширина жылдың ең үздік ауыр атлеттері деп танылып, федерацияның Йен Боскович атындағы наградасымен марапатталған.

Илья Ильин 2005 және 2006 жылдары да әлемнің үздік ауыр атлеті атанып, Боскович наградасына ие болған. Бұл сыйлық жыл сайын әр спорттық маусымда табысты өнер көрсеткен ауыр атлетке беріледі.

Қазақстаннан Боскович сыйлығын 2013 жылы ауыр атлет Зүлфия Чиншанло да алған.

XS
SM
MD
LG