Accessibility links

«Дождь» телеарнасы: Путин сырқаттанып қалған


Владимир Путин иық сүйегі мазалайтынын айтып дәрігерден кеңес алып тұр. Смоленск, 25 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Владимир Путин иық сүйегі мазалайтынын айтып дәрігерден кеңес алып тұр. Смоленск, 25 тамыз 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей президенті Владимир Путиннің бірнеше күннен бері көпшіліктің алдына шықпауына сырқаттанып қалуы себеп болған деп хабарлады ресейлік «Дождь» телеарнасы. Өз дереккөздеріне сілтеген телеарна ақпараты бойынша, Путин қазір Ресейдің Новгород облысында Валдай көлінің жағасындағы резиденциясында жатыр.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Путин тұмауратып қалған ба?» деген сауалға жауап берілмейтінін айтқан. Бұған дейін Песков президенттің «жағдайы жақсы» деп келген еді, бірақ ол Путиннің қайда екендігі және жұрттың назарынан жоғалып кетуіне не себеп деген сұрақтарға жауап беруден бас тартқан.

Бұған дейінгі жарияланған жоспар бойынша, наурыздың 16-сы, дүйсенбі күні Владимир Путин Санкт-Петербург қаласында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуі тиіс.

XS
SM
MD
LG