Өлім жазасына мораторийді алып тастаған Пәкістанда 17 наурызда 12 ер адам дарға асылды.
Пәкістан ішкі істер министрлігі мәлімедеуінше, дарға асылғандардың арасында "террористер" ғана емес "өте ауыр қылмыс" жасағандар да бар.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф 2014 жылы 17 желтоқсан күні Пешаварда 132 оқушы мен тоғыз мұғалімді қаза тапқан террористік оқиғадан кейін өлім жазасына жариялаған мораторийді алып тастаған.
2015 жылдың басында Пәкістанда 27 адам дарға асылған. Олардың көбі - содырлар.
Пәкістанда барлығы 8000 адам өлім жазасына кесілген.