Accessibility links

Пәкістан үкіметі 34 содырды өлтіргенін хабарлады


Пәкістан қауіпсіздік күштері сарбазы жарылыс болған жерде тұр.
Пәкістан қауіпсіздік күштері сарбазы жарылыс болған жерде тұр.

Пәкістан әскерилері 18 наурызда Хайбер провинциясындағы Тирах қаласында әуеден берілген соққыдан 34 содыр өлтірілгенін хабарлады.

Қауіпсіздік қызметі мерт болған адамдардың Пәкістандағы "Техрик-е-Талибан" және "Лашкар-е-Ислам" тобының мүшелері екенін мәлімдеген.

Пәкістан үкіметі Тирах аймағында жергілікті "Талибан" ұйымының көшбасшысы Маулана Файзулла да болғанын айтқан.

Ал Ауғанстанның Гильменд провинциясы Лашкаргах қаласында көліктегі бомба жарылысынан кемінде жеті адам мерт болып, қырыққа жуығы жарақаттанған. Кейін бұл оқиғаны "Талибан" ұйымы өз мойнына алды.

XS
SM
MD
LG