Accessibility links

Тунис президенті: Терроризммен аяусыз күресеміз


Тунис астанасындағы Бардо мұражайы маңында тұрған әскерилер. 18 наурыз 2015 жыл.
Тунис астанасындағы Бардо мұражайы маңында тұрған әскерилер. 18 наурыз 2015 жыл.

Тунис президенті Беджи Каид Эссибси 18 наурыз күні ел астанасындағы Бардо мұражайына жасалған қарулы шабуылдан соң, "терроризммен аяусыз күресуге" уәде берді. Телеарнадан сөйлеген Эссибси "Біз терроризммен соғыс жағдайында тұрмыз және одан қорықпаймыз" деп мәлімдеді.

Белгісіз қарулы топтың шабуылынан қаза тапқан 22 адамның 20-сы - Италия, Германия, Польша, Испания және Колумбиядан келген туристер. Шабуылдан тағы 24 адам жараланған.

Қарулы шабуыл кезінде мұражайға жақын орналасқан парламент үйінде депутаттар терроризммен күрес туралы заң жобасын талқылап жатқан. Әзірге шабуылға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

Тунисте мемлекетке түсетін қаржының басым бөлігі туризмнен келеді. 2011 жылы президент Зин әл-Әбидин Бен Әли биліктен кетірілген толқулардан бері Тунисте содырлар белсенді әрекет ете қоймаған.

XS
SM
MD
LG