Accessibility links

"Ситуативті қазақ тілі" кітабының электронды нұсқасы шықты


Қанат Тасыбеков "Ситуативті қазақ тілі" кітабының электронды нұсқасының таныстырылымында отыр. Алматы, 19 наурыз 2015 жыл.
Қанат Тасыбеков "Ситуативті қазақ тілі" кітабының электронды нұсқасының таныстырылымында отыр. Алматы, 19 наурыз 2015 жыл.

Бүгін Алматыда әуесқой лингвист Қанат Тасыбековтың "Ситуативті қазақ тілі" кітабының бірінші томының электрондық нұсқасы таныстырылды. Кітап авторы кітаптың электронды нұсқасына жастардың қызығушылығы мол дейді.

Тасыбековтың сөзінше, кітаптың бірінші томының электронды нұсқасын бүгіннен бастап қазақстандық коммерциялық банктердің бірінің вебсайтынан тегін жүктеп алуға болады.

Бұған дейін "Ситуативті қаза тілі" кітабының бірінші және екінші томдары шығып, бірнеше рет қайта басылып шыққан.

Қанат Тасыбеков өзін қарапайым ғана "үй шаруасындағы" орыс тілді қазақ деп атайды және ол қазақ тілін күнделікті өмірлік жағдайда қолдану арқылы игергенін айтады.

Дөңгелек үстел түрінде өткен "Ситуативті қазақ тілі" кітабының электронды нұсқасының таныстырылымында қатысушылардан бір де бір сыни пікір айтылған жоқ. Бірақ Тасыбековтің өзінің айтуынша, бұған дейін кейбір жазушылар оны "тіл маманы, я жазушы емес болса да өзгелерге қазақ тілін үйретуге тырысады" деп сынаған.

Қанат Тасыбеков жиында кітабының жарыққа шығуына себепші болған, таяуда көз жұмған жазушы, аудармашы Герольд Бельгерге аса риза екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG