Accessibility links

Назарбаев: Мұнайдың арзандауы - ЕАЭО үшін сынақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Әлемде мұнай бағасының арзандауы Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) үшін сынақ болды деп мәлімдеді бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен соң.

"Біз ЕАЭО-да мұндай қауіптер болатынын білдік, бағада сәйкессіздік, толқулар болды" деген Назарбаев.

Оның сөзінше, бүгін Астанада Владимир Путин және Беларусь президенті Александр Лукашенкомен бірге өтетін үш жақты кездесуде аймақтағы және әлемдегі ахуал, ЕАЭО-ның дағдарыстан шығу жолдары талқыланбақ.

Бүгінгі кездесу барысында Путин "әлем экономикасында расымен де қиын жағдай туындағанын" айтқан. "Бұл қиындықтарды бірлесе қимылдағанда ғана еңсеруге болады" деген ол.

XS
SM
MD
LG