Accessibility links

Күннің тұтылуы Қазақстанда да байқалады


Күн тұтылу құбылысы. (Көрнекі сурет)
Күн тұтылу құбылысы. (Көрнекі сурет)

Наурыздың 20-сында ауа-райы ашық болса Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Күн тұтылу құбылысының 7 пайызын, ал солтүстік аймақтарда - 38 пайызға дейін байқауға болады дейді мамандар.

Қазақстанның Фесенков атындағы астрофизика институтының есептеуі бойынша, күн тұтылуы Астана уақыты бойынша сағат 16:42-де басталып, 17:32-де аяқталады. Ал сағат 17:07 шамасында Күннің тұтылуы шырқау шегіне жетеді деп хабарланды.

Күн тұтылу құбылысы Ай Жер мен Күннің арасынан өтіп, Күн дискісін жартылай немесе толық жапқан кезде болады.

Бүгін Күн тұтылуын Еуропа мен Азия және Африканың бірқатар аймақтарының тұрғындары көре алады. Күннің толық тұтылуын Жердің солтүстік жарты шарының бірнеше тұсынан, оның ішінде Фарер аралдары мен Норвегияның Шпицберген архипелагында ғана көруге болады.

XS
SM
MD
LG