Accessibility links

ОСК сайлауға шетелдік 13 бақылаушыны тіркеді


Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы. Астана, 12 наурыз 2015 жыл.
Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы. Астана, 12 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) кезектен тыс президент сайлауына алғашқы 13 шетелдік бақылаушының аккредитациядан өткенін хабарлады. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, тіркелген бақылаушылар - Германия, Грузия, Израиль, Нидерланд, Хорватия мен Эстония азаматтары.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар бақылаушыларын тіркеу 20 сәуірге дейін жүргізіледі. Қазақстан президентіне кезектен тыс сайлау 26 сәуірге белгіленген.

Осы уақытқа дейін президенттікке кандидат ретінде үш адам - "Нұр Отан" партиясы ұсынған қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов тіркелген.

Тағы үш үміткер - журналист Жарылқап Қалыбай, Астанадағы қоғамдық ұйым жетекшісі Лимана Қойшиева мен Қанат Турагелдиевке өзін қолдайтын сайлаушылардан қол жинау парақтары берілген.

XS
SM
MD
LG