Accessibility links

АҚШ елшісі Қазақстан халқын Наурызбен құттықтады


АҚШ елшісі Джордж Крол.
АҚШ елшісі Джордж Крол.

Қазақстандағы АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол АҚШ елшілігі мен Америка халқының атынан барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Барлығымыз көктемнің алғашқы күні мен табиғаттың жандануын асыға күткенбіз. Қазақстанға алты апта бұрын ғана келсем де, Қазақстан қоғамының қаншалықты бейбіт және төзімді екеніне көз жеткізіп үлгердім» деген АҚШ елшісі.

Ол Қазақстандағы әр отбасыға бақыт пен табыс тілеп, құттықтауын қазақ тілінде «Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын!» деген тілекпен аяқтаған.

Биыл Қазақстандағы АҚШ елшісі болып тағайындалған 59 жастағы Джордж Крол наурыз айының басында Астанада жаңа қызметіне кіріскен.

XS
SM
MD
LG