Accessibility links

АҚШ-та әуежайға шабуылдаған адам қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Нью Орлеан қаласының әуежайында күзет қызметкерлеріне шабуыл кезінде жараланған ер адам жергілікті ауруханада қайтыс болғаны хабарланды.

Жұма күні әуежайдағы бақылау-өткізу орнынан өтпек болған Ричард Уайт өзін тоқтатуға әрекет жасаған әуежайдың күзет қызметкерінің бетіне құтыдағы сұйық затты бүркіп, сонан кейін екінші қызметкерге мачетемен шабуылдап, оны қолынан жаралаған.

Зардап шеккендерге көмекке жеткен тағы бір қауіпсіздік қызметкері қарудан бірнеше оқ атып, Уайт аяқ-қолы мен кеудесінен жараланған.

Кейін анықталғандай, шабуыл жасаған 63 жастағы Ричард Уайттан қолдан жасалған жанғыш сұйық зат («Молотов коктейлі») құйылған алты бөтелке табылған.

XS
SM
MD
LG