Accessibility links

Қанат Ислам 19-мәрте жеңіске жетті


Қанат Ислам (оң жақта) мен Фидель Монтеррос Муньоспен кездесуі. Колумбия, 7 тамыз 2014 жыл. Сурет боксшының жеке мұрағатынан алынды.

Қазақ боксшысы Қанат Ислам өзінің кәсіпқой бокстағы 19-кездесуін өткізіп, 19 мәрте жеңіске жетті.

Ол 24 наурызда Колумбияда жергілікті боксшы Орландо Де Хесус Эстраданы төртінші раундта нокаутпен жеңіп, WBA Fedelatin нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Кездесуден кейін Ислам бапкерлеріне, демеушілеріне алғысын білдіріп, келесі 20-кездесуін АҚШ-та өткізгісі келетінін айтты.

Осы кездесудің алдында тағы бір қазақ боксшысы Жанқош Тұраров та колумбиялық боксшы Дунис Лианды жеңді. Жетінші раундта Тұраровтың ауыр соққыларынан кейін төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Қытайда туған этникалық қазақ Қанат Ислам 2008 жылы Пекин олимпиадасына сол елдің атынан қатысып, қола жүлде иеленген. Ол 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алып, «Астана арландары» клубында бокстасып жүрді.

Боксшы 2012 жылы Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан қатысуына байланысты азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрып, АҚШ-қа кеткен.

XS
SM
MD
LG