Бүгін Алматыда Астана уақытымен 05 сағат 15 минут кезінде жер сілкінісі тіркелді.
Жергілікті агенттіктердің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедицияға сілтеп хабарлауынша, тербеліс эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа таман 360 шақырымда болған.
Эпицентрі Қазақстан аумағында болған жер сілкінісінің магнитудасы 3,9-ды құраған. Тербеліс 10 шақырым тереңдікте тіркелген.
Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы әзірге хабарланбады.