Өткен түнде Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен ұшырылған "Союз ТМА-16М" кемесі арада алты сағаттан аса уақыт өткенде халықаралық ғарыш станциясына түйіскен.
Ресейдің "Роскосмос" мекемесінің хабарлауынша, Астана уақытымен бүгін сағат 01:42-де ұшырылған ғарыш кемесімен ресейлік космонавт Геннадий Падалка мен Михаил Корниенко және НАСА астронавты Скотт Келли ғарышқа аттанған.
Корниенко мен Келли станцияда бір жылдай, ал Падалка алты айдай уақыт жұмыс істейтін болады.