Accessibility links

Шығыс Қазақстан облысында 18 үйді қар суы су басты


Еріген қар суына батып тұрған көлік. (Көрнекі сурет)
Еріген қар суына батып тұрған көлік. (Көрнекі сурет)

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Қопа ауылында 18 үйді еріген қар суы басып, 70-ке тарта тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Аймақта комиссия құрылып, су басқан үйлерді тексеріп жатыр. Тұрғындар өміріне төніп тұрған қауіп жоқ деп хабарланды.

Аймақтың төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшкен. Әрбір ауданда су басудың алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді билік орындары.

"Қазақавтожол" мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, Қарағанды облысында еріген қар суы "Жәйрем-Қаражал-Атасу" жолының жүздеген метр бөлігін шайып кеткен.

XS
SM
MD
LG