Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сәуірдің 26-сында өтетін кезектен тыс президент сайлауына шетелдер мен бір халықаралық ұйымнан тағы 48 бақылаушыны тіркеді.
ОСК ақпараты бойынша, Норвегия Корольдігінен төрт бақылаушы, Австрия мен Сербияның әрқайсысынан үшеуден, Болгария мен Литвадан – екіден, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Венгрия, Латвия және Словакиядан – бір-бірден бақылаушы тіркелген. Сонымен қатар ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бақылаушысы ретінде 18 елден 30 адамға тиісті куәліктер берілген.
Осы кезге дейін ОСК халықаралық ұйымдардың екі миссиясы (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД) мен 18 шет мемлекеттен барлығы 83 бақылаушыны тіркеген.
Шетелдер мен халықаралық ұйымдар бақылаушыларын тіркеу сәуірдің 20-сында аяқталады.