Accessibility links

ЕҚЫҰ: Өзбекстан сайлауында шынайы бәсеке болған жоқ


ЕҚЫҰ-ның шектеулі түрде сайлауды бақылау миссиясының басшысы Тана де Зулуета.
ЕҚЫҰ-ның шектеулі түрде сайлауды бақылау миссиясының басшысы Тана де Зулуета.

ЕҚЫҰ бақылаушылары Өзбекстандағы 29 наурызда өткен президент сайлауында басты үміткер, қазіргі президент Ислам Каримовке шынайы қарсылас болмады және дауыс беруде заңдық әрі ұйымдастырушылық кемшіліктер болды деп мәлімдеді.

Сайлауға бақылау жасаған ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы наурыздың 30-ында осындай мәлімдеме таратты.

ЕҚЫҰ-ның шектеулі түрде сайлауды бақылау миссиясының басшысы Тана де Зулуета Каримовтың фигурасы "саяси аренада үстем тұрғанын" айтты.

"Өзбекстанда барлық кандидатқа ақпарат құралдарында үгіт-насихатқа теңдей құқық берілсе де, қатаң шектеуге алынған БАҚ-та Каримовке айқын басымдық берілді" деді Тана де Зулуета.

Ол бұған қоса Орталық сайлау комиссиясын Каримовты "бұған дейін қатарынан екі мерзімге президент болып сайланғандықтан конституция бойынша тағы да сайлауға түсу құқығы жоқ болса да" кандидат етіп тіркегенін айтты.

Президент сайлауының алдын-ала нәтижелері бүгін жариялануы тиіс.

XS
SM
MD
LG