Accessibility links

Лозаннада Иран келіссөзі аяқталуға таяды


Иран мен әлемдік алты держава өкілдерінің келіссөзі. Швейцария, Лозанна, 30 наурыз 2015 жыл.
Иран мен әлемдік алты держава өкілдерінің келіссөзі. Швейцария, Лозанна, 30 наурыз 2015 жыл.

Иран мен әлемдік алты держава арасында өтіп жатқан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз бүгін аяқталуы тиіс.

Швейцарияның Лозанна қаласында өтіп жатқан келіссөз келісім жобасы жасалуы тиіс мерзім - 31 наурыз жақындаған тұста қыза түсті.

АҚШ, Германия, Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания Ираннан экономикалық санкцияларды алу үшін Тегераннан ядролық қару жасауға ұмтылмайтынына көз жеткізуді сұрайды. Бірақ батыстық дипломаттардың бірі 30 наурызда Лозаннадағы келіссөзде келісім жобасы жасалатын әлі белгісіз екенін айтқан.

Келіссөзде негізінен Иранның қанша центрифуга пайдалана алатыны және ел аумағынан байытылған уранды шығару жайы қарастырылып жатыр. Келіссөзде Иран ядролық бағдарламасының ең даулы тұстарын кемінде 10 жылға тоқтатып, есесіне БҰҰ салған экономикалық санкциялардың біртіндеп алынуы қарастырылып жатыр.

Келіссөзге қатысушылар түпкілікті келісімге маусым айына дейін қол жеткізуді көздейді.

XS
SM
MD
LG