Accessibility links

Калачи әкімі қызметтен кетті


Калачи маңындағы бұрынғы уран кеніші орыны. 7 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Калачи маңындағы бұрынғы уран кеніші орыны. 7 қыркүйек 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Ақмола облысындағы Калачи ауылы қарайтын Красногорск селолық округінің әкімі Әсел Садуақасова қызметінен босатылды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Әкім қызметінен жер учаскесін жеке компанияға заңсыз түрде беруге қатысы бар деген айыпқа байланысты босатылған.

Tengrinews.kz сайтына берген түсінігінде Әсел Садуақасова өзінің жұмыстан босатылуы Калачи ауылындағы жағдаймен байланысы жоғын айтқан. Ол бұған қоса мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің тәртіптік кеңесі таққан айыппен келіспейтінін білдірген.

Красногорск селосына жақын Калачи ауылында 2013 жылдың наурызынран бері ондаған адам белгісіз "ұйқы дертіне" шалдығып, ауруханаға түсе бастаған. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабылеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған. Биыл қаңтар айында әкім Әсел Садуақасовтың өзі де ауруханаға түсіп, дәрігелер оған "этиологиясы белгісіз энцефалопатия" деген диагноз қойған.

Жұмбақ ауружың нақты сеептері әлі анықталмады. Билік Калачи тұрғындарын Ақмола облысының өзге аймақтарына көшіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG