Accessibility links

Немцов балалары жәбірленуші тарап деп танылды


Жанна Немцова әкесі Борис Немцовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде тұр. Мәскеу, 3 наурыз 2015 жыл.
Жанна Немцова әкесі Борис Немцовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде тұр. Мәскеу, 3 наурыз 2015 жыл.

Ресей тергеу комитеті қастандықпен өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың балаларын әкелерінің қазасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап деп таныған. Бұл туралы бүгін отбасының адвокаты Вадим Прохоров хабарлаған.

Адвокат заң бойынша жәбірленушілер қылмыстық істің жекелеген бөлігімен танысуға құқылы екенін айтады. Прохоров тағы бір адвокат Ольга Михайлова екеуі саясаткердің қызы Жанна Немцованың мүддесін қорғайтындарын айтқан.

Немцовтың қазасына қатысы бар деген айып тағылған бес адам – Заур Дадаев, Анзор Губашев, оның бауыры Шадид Губашев, Хамзат Бахаев пен Тамерлан Эскерханов қазіргі кезде қамауда отыр. Тергеушілер негізгі айыпкер санап отырған Дадаев бастапқыда қылмысты мойнына алғанымен, кейін сотта ол айтқандарынан бас тартып, тергеуде қысым жасалған соң өзін өзі қаралауға мәжбүр болғанын мәлімдеген.

Борис Немцовты ақпанның 27-і күні кешкісін Мәскеудегі Кремль маңында атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG