Accessibility links

Алматыда еврейлер Пе́сах мейрамын тойлады


Алматыдағы «Римон» еврейлер қауымдастығы орталығында Пе́сах тақырыбына балалар салған сурет байқауы. 5 сәуір 2015 жыл.
Алматыдағы «Римон» еврейлер қауымдастығы орталығында Пе́сах тақырыбына балалар салған сурет байқауы. 5 сәуір 2015 жыл.

Алматыда бүгін еврейлер Пе́сах мейрамын атап өтті. Азаттық тілшісі Қазақстандағы еврей ұлттық ұйымдарының «Мицва» ассоциациясы ұйымдастырған Пе́сах мерекелік шарасына қатысты.

Алматыдағы «Римон» еврейлер қауымдастығы орталығында бүгін Пе́сах тақырыбына балалар салған сурет конкурсы ұйымдастырылды. Оған өте кішкентай бүлдіршіннен бастап жоғарғы сынып оқушыларына дейін қатысты. Бұл күні «Мицва» ассоциациясы кітапханасында егде жастағы адамдар мерекелік дастархан басына жиналды.

Яһуди діні Ғайсаны жаратушының өкілі, я болмаса құдай деп мойындамайды. Сондықтан, еврей Пе́сахында Ғайса туралы сөз жоқ. Бірақ, христиандардың діни ілімінде яһудилер Пе́сахы мен христиандар Пасхасы арасында байланыс бары байқалады. Інжілде Ғайса шәкірттерімен бірге Иерусалимге Пе́сах мейрамы басталуына байланысты келгені айтылған. Бейсенбіде басталған оқиғалардың соңы жұма күні Ғайсаны крестке керіп өлтірумен аяқталған. Христиан діні денесі жерленген Ғайса жексенбіде қайта тіріліп кеткенін айтады. Сол себепті, еврей Пе́сахы мен христиандар Пасхасы (христиан діні пайда болғаннан кейін) ғасырлар бойы тұспа тұс атап өтіліп келеді.

Пе́сах – яһудилердің Мұса пайғамбардың бастауымен Мысырдан қашып құтылуына арналған басты мейрамы. 2015 жылы еврейлер бұл мейрамды сәуірдің 4-і мен 11-і аралығында тойлайды.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG