Accessibility links

Сирияда ИМ шіркеуді жарып жіберді


Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары 5 сәуір - христиандардың Пасха мерекесінде елдің солтүстік-шығысындағы Хассака провинциясында 80 жылдық тарихы бар шіркеуді жарып жіберді.

Сирияның мемлекеттік SANA агенттігінің дерегінше, содырлар провинцияның ассириялық христиандар тұратын Тель-Насри ауданында Бейкүнә Мария шіркеуіне жарылғыш заттар қойып, жарып жіберген. Жарылыстан құрбан болғандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл ауданда христиандар мен күрдтер жасағы "Ислам мемлекеті" содырдларына қарсы соғысып жатқан.

Ақпан айында "Ислам мемлекеті" содырлары Сирияның солтүстік-шығысында ассириялық христиандар қауымының 200-ден астам мүшесін ұрлап әкеткен. Ұрланғандардың он тоғызы өткен айда босатылғанымен, қалғандарының қайда екені белгісіз.

Сирияда азаматтық соғыс басталған 2011 жылға дейінгі есеп бойынша 1,2 миллион христиан, оның ішінде 40 мыңға тарта ассириялық христиан тұрады.

"Ислам мемлекеті" Сирияда бұған дейін шіркеулерден өзге шииттер мен мұсылмандардың діни орындарын да қиратқан.

XS
SM
MD
LG