Пәкістан қорғаныс министрі Хаваджа Мухаммад Асиф Йеменде шииттік хусит көтерілісшілеріне қарсы операция жүргізіп жатқан Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы Исламабадтан әскери ұшақтар, кемелер мен әскер сұрағанын хабарлады.
Бұл жайында ол Пәкістан парламентінде өткен хуситтерге қарсы күреске әскери көмек беру мәселесі қаралған талқылауда айтты.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф бұған дейін Йемендегі шиит көтерілісшілеріне қарсы кампанияны қолдайтынын ауызша білдірген.
Сауд Арабиясы бастаған коалиция 26 наурыздан бері Йемендегі хуситтерге әуеден шабуылдап келеді. Хуситтер өткен жылы күзде ел астанасы Сананы басып алып, президент Абд-Раббу Хади Мансурды елден қашырып жіберген.
Парсы шығанағындағы сүнниттік ықпалды мемлекет - Сауд Арабиясы халқының басым бөлігі сүннит Пәкістанмен тығыз байланыс орнатқан.
Өткен жылы Сауд Арабиясы Пәкістанға 1,5 миллиард АҚШ долларын бөлген. Наваз Шариф 1999 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде елден бас сауғалап кеткенде осы Сауд Арабиясын паналаған.