Accessibility links

Назарбаев Семейде онкологиялық диспансерге барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 20 наурыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті, кезектен тыс президент сайлауына кандидат Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шығыс Қазақстан облысына сапарында Семейдегі аймақтық онкологиялық диспансерге, "Kondiz" кондитерлік фабрикасына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев диспансерде қызметкрелермен кездесіп, медициналық мекеме жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталғанын айтқан. Назарбаевтың сөзінше, диспансерге мемлекеттен 7,2 миллиард теңге, оның ішінде 4 миллиарды жаңа құрал-жабдықтар алуға бөлінгенін, жалпы республикада денсаулық сақтау саласының дамуы арқасында тұрғындардың өмір сүру жасының орташа ұзақтығы соңғы он жылда 64 жатсан 71 жасқа ұзарғанын айтқан.

Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына сапарына дейін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарына жұмыс сапарымен барған.

XS
SM
MD
LG