Accessibility links

Порошенко: Донбассқа бітім күштері қажет


Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) Польша президенті Бронислав Комаровскиймен баспасөз жиынында. Киев, 8 сәуір 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (оң жақта) Польша президенті Бронислав Комаровскиймен баспасөз жиынында. Киев, 8 сәуір 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко 8 сәуірде Киевке сапарлап келген Польша президенті Бронислав Комаровскиймен бірге өткізген баспасөз жиынында Шығыс Украинаға бітімгерлік күштерінің кіргізілуі қақтығыстың бәсеңсуіне ықпал етуі мүмкін деп мәлімдеді.

"Бұған дейін бітімгерлік күштерін кіргізуге қатысты көзқарас нашар болғанымен, қазір Шығыс Украинада бітімгерлердің болуы қақтығысты шиеленістірмеудің ең тиімді жолы екенін барлығы түсініп отыр" деді Порошенко.

Петр Порошенко бұған қоса таяуда бірлескен әскери жаттығу өткізетін Польша, Украина және Литваның біріккен бригадасын құрудың маңызды екенін де айтты. Ол Украинаны олигархтардан тазарту процесін жеке өзі басқарып отырғанын да айтты.

XS
SM
MD
LG