Accessibility links

Төтенше жағдай туралы Қытаймен арадағы келісім мақұлданды


Парламент сенаты, Астана, (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана, (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады.

Келісімде Қазақстан меғн Қытай төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе туындау қаупі пайда болғанда бір-бірінен көмек көрсетуді сұрай алатыны айтылған.

"Көмек сұраған тарап келесі елге төтенше жағдайдың мекен-жайы, уақыты, сипаты, ауқымы мен сол мезгілдегі жай-күйін, көмек түрін және көрсетіліп жатқан немесе көрсетілетін халықаралық көмек туралы ақпаратты береді" делінген сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тұжырымында.

Келісім бұған қоса төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету үшін адамдарды мемлекеттік шекарадан өткізу және олардың барған елде болу тәртібі, төтенше жағдайды жою үшін жіберілген материалдарды кіргізу және шығару ережелерін де реттейді.

XS
SM
MD
LG