Accessibility links

Оштағы шабуылды милиция тексермек


Қырғызстан Ұлттық оппозициялық қозғалыс мүшелері отырған үй иесі Абдылда Капаров. Ош, 10 сәуір 2015 жыл.
Қырғызстан Ұлттық оппозициялық қозғалыс мүшелері отырған үй иесі Абдылда Капаров. Ош, 10 сәуір 2015 жыл.

Қырғызстанда Ош қаласының милициясы Ұлттық оппозициялық қозғалыс (ҰОҚ) жетекшілеріне шабуыл жасалғанын тексеріп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Ош қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Замир Сыдықовтың айтуынша, оппозиция өкілдері отырған үйге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат милицияға сәуірдің 9-ы күні кешке түскен.

"Милиционерлер оқиға орнына барғанда шабуыл іздері байқалмаған. Бірақ, соған қарамастан, арнайы сараптама тағайындалды" дейді Замир Сыдықов.

ҰОҚ бұған дейін бейсенбінің кешінде белгісіз ер адамдар оппозиция жетекшілері Кубанычбек Кадыров, Бектур Асанов пен Улугбек Маматаев отырған үйге басып кіріп, оларды "күшпен ұрлап әкеткенін" хабарлаған. Кейін Кубанычбек Кадыров "ұрлағандар доқ керсеткен соң үшеуі түнімен Жалал-Абадқа кетіп қалғанын" айтқан.

Үй иесі Абдылда Капаровтың айтуынша, шабуылдағандар саны жүз қаралы болған.

Ұлттық оппозициялық қозғалыс 11 сәуірде Жалал-Абадта құрылтай өткізуді жоспарлаған. Құрылтайда Құмтөр алтын кенішіндегі мемлекет үлесін арттыру, энергетика және Қырғызстанның Кеден Одағына қосылуы мәселелерін талқыламақ болған.

XS
SM
MD
LG