Accessibility links

Хиллари Клинтон сайлауға түсетінін жарияламақ


АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін АҚШ президенті сайлауына кандидат болып қатысатыны туралы ниетін жексенбі, сәуірдің 12-інде жариялайды деп хабарланып отыр. АҚШ экс-президентінің әйелі өз видео-мәлімдемесін әлеуметтік желілер арқылы таратады деген болжам бар.

2008 жылы АҚШ президенті сайлауына Демократиялық партия атынан түсуге ниет білдірген Хиллари Клинтон саяси бәсекеде партияласы Барак Обамадан жеңіліп алған еді. Обама президент болған алғашқы төрт жыл мерзімде Клинтон мемлекеттік хатшы қызметін атқарды.

Ақпарат агенттіктері қазіргі кезде Хиллари Клинтон Демократиялық партиядан президенттікке басты кандидат саналып отырғанын айтады.

2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына Республикалық партиядан кандидат болуға ниет білдіргендердің арасында Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш та бар. Бұған дейін оның отбасында екі адам – әкесі Джордж Буш пен ағасы Джордж Буш (кішісі) – АҚШ президенті болып сайланған.

XS
SM
MD
LG