Accessibility links

Алматыда джаз фестивалі ашылды


Алматыдағы халықаралық джаз фестивалі. 11 сәуір 2015 жыл.
Алматыдағы халықаралық джаз фестивалі. 11 сәуір 2015 жыл.

Алматыда бүгін 14-ші халықаралық джаз фестивалі ашылды. Екі күн бойы жалғасатын биылғы шараға қазақстандық өнерпаздармен бірге Австрия («The Merry Poppins»), Венгрия («Djabe»), Германия («Пассакалия»), Польша (Ага Зарян), Тәжікстан («Авесто»), Түркия (Ece Goksu Quartet) және Франциядан (B2S Bass, Sax & Sun) джаз музыканттары қатысып жатыр.

Алматыдағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда өтіп жатқан фестивальдың алғашқы күні осы фестивальдің негізін қалаушы әрі жетекшісі Тагир Зарипов басқаратын

«Almaty Youth Jazz Band», Гоча Сирадзенің қазақстандық үздік джаз топтарының бірі, Франциядан келген B2S Bass, Sax & Sun дуэті мен поляк әншісі Ага Зарян өнер көрсетті.

Франциялық саксофоншы мен виолончелистің B2S Bass, Sax & Sun дуэті өз бағдарламасында қазақтың халық әндерін өңдеп орындады.

Алматыдағы халықаралық джаз фестиваліне бірқатар шетел елшіліктері (Түркия, Польша, Австрия, Венгрия, Германия, Франция), сонымен бірге Француз альянсы, Эмре институты, Гете институты қолдау танытқан.

XS
SM
MD
LG