Accessibility links

Жас ауыр атлеттер әлем чемпионатында 2 алтын алды


Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Татьяна Капустина
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Татьяна Капустина

Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс, бір қола медаль иеленді.

Ұлдар арасында 50 килограмм салмақта Игорь Сон әлем чемпионы атанды. Ол қоссайыс бойынша 208 килограмм (жұлқа көтеруде - 92 кг, серпе көтеруде - 116 кг) нәтиже көрсетті.

Қыздар арасында 69 килограмнан жоғары салмақта Татьяна Капустина да алтын алды. Ол қоссайыс бойынша 243 килограмды (110+113) көтерді.

Қыздар арасында 58 килограмда Айгерім Әуелбек күміс, ұлдар арасында 85 килограмда Шыңғыс Сағындықов қола медаль иеленді.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімімен Игорь Сон мен Татьяна Капустина "әлем чемпионатының ең үздік ауыр атлеттері" атанды.

Қазақстан жалпы есепте Қытайдан кейінгі екінші орынды алды.

Жасөспірімдер арасындағы келесі әлем чемпионаты 2017 жылы Бангкокта (Таиланд) өтеді.

XS
SM
MD
LG