Accessibility links

Сот ЖСДП-ның Алматы мәслихатына шағымын қарауда


Алматы қаласы Бостандық ауданының соты бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Алматы қалалық мәслихаты үстінен түсірген шағымын қарап жатыр.

ЖСДП бұған дейін Алматыда жаңадан құрылған сайлау комиссияларының құрамына өз мүшелікке өз өкілдерінің өткізілмей қалғанына қалалық мәслихат үстінен шағым түсірген. ЖСДП өкілдерінің айтуынша, партия қаладағы 43 сайлау комиссиясының 23-інің құрамына өз өкілдерін ұсынғанымен, мәслихат комиссия құрамына партия емес, басқа қоғамдық бірлестік өкілдерін өткізген. ЖСДП Қазақстанның сайлау туралы заңының талабы бойынша сайлау комиссиясы құрамына қоғамдық бірлестіктер емес, тек партия өкілдері ғана қабылданатынын айтып, мәслихатты сотқа берген.

Партия шағымы бойынша ост үкімі бүгін түстен кейін жариялануы ықтимал. Азаттықтың ЖСДП шағымына қатысты мақаласы кейінірек жарияланады.

XS
SM
MD
LG