Accessibility links

Еуропа комиссиясы Google-ден ақы талап етпек


Еуропа комиссиясының бәсекелестік жөніндегі комиссары Маргрет Вестагер Google компаниясына қарсы талап-арыз туралы мәлімдеп тұр. Брюссель, 15 сәуір 2015 жыл.
Еуропа комиссиясының бәсекелестік жөніндегі комиссары Маргрет Вестагер Google компаниясына қарсы талап-арыз туралы мәлімдеп тұр. Брюссель, 15 сәуір 2015 жыл.

Еуропа комиссиясы АҚШ-тың Google интернет компаниясы үстінен "Еуропа Одағының интернеттегі іздеу жүйесі нарығында өз үстемдігін теріс мақсатта пайдаланды" деп ақы талап ететінін мәлімдеген. Компания айыпты деп танылса, онда алты миллиард АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынып, жұмыс істеу тәсілін өзгертуге мәжбүр болуы мүмкін.

"Google бәсекелестерінің сайттарындағы трафикті өз ресурстарына қайта бағыттап, еуропалық монополияға қарсы заңдарды бұзып отыр" дейді Еуропа комиссиясының бәсекелестік жөніндегі комиссары Маргрет Вестагер. Шағым әзірге интернеттегі іздеу тәсілдеріне ғана қатысты жасалмақ. Бірақ, кейін бұған басқа да заң бұзушылықтар қосылуы мүмкін.

Google компаниясына қатысты тергеу жүріп жатқанына бес жыл болған. Компанияның өзіне қатысты айыптауларды жоққа шығарып, өз өнімдері "бәсекелестікке жол ашып, тұтынушыларына пайда әкелгенін" дәлелдеу үшін сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Енді компанияның өзіне қатысты айыптарға жауап беріп, өзін қорғайтын уәжін келтіру үшін сот отырысын өткізуді талап етуіне 10 апта уақыт бар. Google өзіне қатысты ресми түрде айып тағылса талап-шағымды сотқа тартылмай-ақ реттеуге тырысып көруі мүмкін.

Вестагер бұған қоса Google-дың Andriod операциялық жүйесіне қатысты басқа бір істің басталғанын да хабарлады. Еуропа комиссиясы Google смартфон шығарушыларға компания жасаған қосымшаларды таңдауына ерекше жағдай жасайды деп күдіктенеді.

XS
SM
MD
LG